ТКШ

Ауызсуға қатысты жалған ақпаратқа сенбеңіздер – “Қызылжар су” ЖШС

“Қызылжар су” серіктестігінің мамандары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде суды тоқтату туралы тараған ақпарат жалған екенін хабарлады. Ауызсуды жеткізуде шектеу болмайды.

АРМАН САУЫТОВ, “Қызылжар су” ЖШС атқарушы директоры:

– Құрметті қала тұрғындары! Қазір әлеуметтік желідерде “Қалада ауыз су болмайды, су жинап алыңыздар” деген ақпарат жүр. Бұған сенбеуге шақырамыз. Біз тасқынға өздігімізше дайындалдық. Кәсіпорын аумағында бөгет тұрғызылған. Соны биыл нығайттық, көтердік. Ресми деректерге сенуге шақырамыз. Сонымен қатар, біз судың сапасын сағат сайын тексереміз.

 

Гүлден Сембаева