Қоғам

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қауіпті кезеңде бірде-бір жан қол қусырып қалмауы тиіс! Осындай ұстанымдағы “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен осы ұйымға қарасты кеңестердің мүшелері Заречный кентінде болды. Олар күн-түн демей еңбек етіп, бөгетті көтеру және нығайту жұмысымен айналысып жатқан 150 жігітке тамақ апарды: 40 келі палау, осынша литр ыстық шәй мен нан. Жомарт жандар игі дәстүрді жалғастырмақ ниетте. Іскер әйелдер кеңесі ат ізін салатын жерлердің тізімін жасапты. Белсенді нәзікжандылар ағымдағы аптаның ішінде сол орындарды аралап, азаматтарға ас ұсынбақ ойда.

КҮЛІМКӨЗ СМАИЛОВА, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы жаныңдағы іскер әйелдер кеңесінің мүшесі:

– Елде болып жатқан су тасқыны халқымызға үлкен ауыртпашылық әкелуде. Ештенеге қарамастан барлық маман иесі осы су тасқының тоқтатуға атсалысуда. Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері өңіріміздің мейірімді жандарының қолдауымен осы жердегі еңбек етіп жатқан азаматтарға тамақ әкеліп отырмыз. Бір апта бойы жұмыс атқарылатьын әр жерге барып, ыстық тамақпен қамтамасыз етпекпіз.