Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-ға Премьер-Министр Олжас Бектенов келді

Шал ақын ауданында орналасқан Сергеев су қоймасы ернеуінен асып, су деңгейі 4 метр 25 см-ге дейін жетті. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Сергеев су қоймасындағы жағдайды тексеру үшін жұмыс сапарымен өңірге Премьер-Министр келді. Олжас Бектенов су тасқынына қарсы жұмысты күшейту тапсырмасын беріп, ғимараттардың қирауына жол бермеу керектігін айтты.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР Премьер-Министрі:

– Мне с утра докладывали 200. 200 мало. Всех, все силы поставить.
– Там замкомандующего Гвардии едет. Там получается, господин Премьер-Министр, сегодня вагон выезжает, пять вагонов. Они завтра в 6 утра будут в Петропавловске.
– Всех, где в районах у вас не участвуют, давайте с других регионов тоже. Но вы пока своих.
– Три района, которые освобождаются, пик прошел. Забираем, сюда перебрасываем.

Есіл өзенінің негізгі реттеушісі Сергеев су қоймасының сыйымдылығы 693 млн текше метрді құрайды. 2022 жылы көп факторлы тексеруден өткен нысанның техникалық жай-күйі қанағаттанарлық деп танылған болатын. Биыл тораптағы су деңгейі тарихи максимумнан асып түсті.

ШҰҒАЙЫП ИБАТУЛЛИН, «Қазсушар» РМК СҚФ директоры:

– Судың тарихи үлкен көлемі 1917 жылы байқалған еді. Ол кезде судың жалпы көлемі 5 миллиард текше метрден асып, 3 м 38 см-ге толып кетті. Қазіргі уақытта толып кету 4 метрден асады. Су тасқыны басталғаннан бері 1,5 млрд текше метр су жіберілді, тәуліктік көлемі 529 млн текше метр болады. Бұл су торабының максималды өткізу қабілеті 6,6 метр көтерілу кезінде секундына 11 мың 400 текше метр суға есептелген.

Бүгінгі күні Сергеев су қоймасы 180%-ға толған. Облыстың үш ауданы мен Петропавл қаласына қауіп төніп тұр.

ҚЫМБАТ МЕРҒАЛИМОВА, “Қазгидромет” СҚОФ директоры:

– Есіл ауданының аумағы бойынша 14-ші сәуірге қарай ең жоғары деңгейлерді күтеміз. Қызылжар ауданы бойынша 21-ші сәуірге дейін күтілуде. Ал Петропавл қаласы бойынша Сергеев су қоймасының суы 12-сәуірден 14-сәуірге қарай келеді деп болжануда және 23-ші сәуірге дейін көтеріледі.

СҚО-да су тасқыны басталғаннан бері 27 үйді су басқан. Есіл өзенінің ағысы бойынша ойпатта орналасқан елді мекендерде тұратын халықты хабардар ету жөнінде шаралар қабылданды. Еске сала кетейік, Петропавл қаласы мен Тайынша және Қызылжар ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.