Аптадағы маңызды жаңалықтар

Роман Скляр өңірдегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Ғауез Торсанұлы алдымен Заречное кентіне барды. Ондағы бөгетті нығайту жұмыстарымен танысып, тұрғындарды тез арада эвакуациялау керегін атап өтті. Бүгінде мұндағы 229 үйдің 132-сін су басу қаупі жоғары. 200-ден астам адамды жедел түрде қауіпсіз жерге көшіру керек.

РОМАН СКЛЯР – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Аз уақыттың ішінде бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания қызметкерлерінің еңбегі ерен. Енді алдағы жұма күні тасқын Заречное кентіне дейін жетеді. Кеше Сергеев су қоймасында болдық. Ондағы су деңгейі 4 метрден асқан, бұл өте көп. Сондықтан, эвакуациялау жұмыстарын жеделдету керек.

Петропавлда 4 тұрақты эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Тағы қосымша 13-і дайындалып жатыр. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталып кеткен. Азаматтар жақын маңдағы №13 орта мектеп ғимаратындағы эвакуациялық пунктке келіп, бас сауғалай алады. Күні кеше ғана мұнда бір азамат жеткізілген. Мамандардың айтуынша эвакуациялау пунктінде тұрғындарға қажет бар жағдай қарастырылған.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ең нашар жағдайға дайын болуымыз керек. Заречный кентінің 25 пайыз тұрғынын эвакуациялау керек деп жатырмыз. Дегенмен, зардап шегетіндер саны, ойлағанымыздан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Құрылған жоспар 2017 жылы болған су тасқыны жағдайына негізделген. Бірақ, бұл жолы су деңгейі өте жоғары. Сондықтан бәріне сақадай сай болайық.

Мамандардың сөзінше эвакуациялауға қарсы болып, өз бастарын қатерге тігіп жатқан тұрғындарда баршылық. Алайда, әр адамның өмірін сақап қалу біз үшін маңызды деді аймақ басшысы.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Саяжайлардағы тұрғылықты 11 отбасы эвакуацияланды. Бүгін тағы 32 үйді көшіреміз. Ол аумақтарда тәулік бойы 4 автопатруль жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, жиналғандар Ущев көшесі және Прибрежное кентіне барды. Қазір облысқа еліміздің түкіпір-түкпірінен сарбаздар келіп, тасқынның алдын алу жұмыстарына көмектесіп жатыр. Ущев көшесіндегі бөгетте Қорғаныс министрлігіне қарасты 99275 бөлімінің әскери қызметшілері жұмыс істеп жатса, Прибрежное кентінде елордалық 36 ерекше мақсаттағы бригадасының сарбаздары іске кіріскен.

РАУАН АХМЕТОВ, ҚР ҚК ҚӘ №99275 әскери аумақтық қорғаныс батальоны командирінің орынбасары:

– Ел басына күн туған соң, бәріміз әскери қызметші болғасын осылай көмектесіп жатырмыз. Бұйрық түскен соң, ат салысып жатырмыз. Қапқа құм салып, бөгеттер жасап жатырмыз. Әскери бөлімнің санына байланыста адамдар бөлініп жатыр 40-30 адам күніне ауысырылып.

АРМАН ДЖАРОВ, ҚР ҚМ №68665 әскери бөлімі батальон командирінің орынбасары:

– Астана қаласынан негізінен 300 адам келдік. 3 бөлімшеге бөліндік. Екеуі Петропавл қаласына кетті. Менің екінші тобымда – 40 адам. Осы Прибрежное елді мекенінде жұмыстар жасауда.

Әрі қарай Премьер-Министрдің бірінші орынбасары бастаған топ «Қызылжар су» серіктестігінің 1 көтерілімнің сорғы станциясына барды. Облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамассыз етіп отырған нысан жұмысымен мекеменің бас директоры Жеңіс Сұлтанов таныстырды. Роман Скляр ЖШС-ті қорғауға алуды тапсырды. Қазір сорғы станциясында инженерлік жұмыстар жүріп жатыр.

РОМАН СКЛЯР, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– 2017 жылы су деңгейі 3 метр 28 смге жеткен болса, бұл жолғы көрсеткіш 4 метр 25 смге дейін жоғарылады. Тасқын 14 елді мекенге жетуі мүмкін. Қолданыстағы бөгеттерді нығайтып, оларды ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр. Бірнеше күннің ішінде барлық жұмысты аяқтап, су басу қаупі бар аймақтарды бақылауда ұстауымыз керек.

Жалпы, 155 шақырым арық тазартылды. 96,6 шақырым канал кеңейтіліп, тереңдетілді, құм толтырылған 55 мың қап дайындалып, оның 23 мыңы төселді. 540 адам мен 233 техника жұмылдырылды, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істейді.