Қоғам

Полицейлер саяжайларда рейд жүргізіп жатыр

Қала маңына үлкен көлемдегі су келсе, ең бірінші саяжайлар зардап шегуі мүмкін. Полицейлер осыны ескеріп, жазғы үйлер орналасқан аумақтарды аралауда. Мақсат – халыққа түсіндірме жұмысын жүргізу, олардың қауіпсіз жерге көшуіне жағдай жасау. Кезекті шараға 70 қызметкер қатысты. Олар әр баспанаға бас сұқты.

– Біз қазіргі таңда рейдтік жұмыстар жүргізудеміз. Барлығыңызды елді-мекеннен көшулеріңізді сұраймын.

Рейд барысында Кривозерка, Затон кенті мен Есіл өзенінің жағасында орналасқан жазғы үйлер қамтылды. Полицейлер жалғыз емес. Оларға
құтқарушылар мен жағдайға бейжай қарамайтын еріктілер қол ұшын созды.

– Әбігерге салған қазіргі жағдайда барша адамға үйлеріндегі мал-мүлкін көшіруге көмектесудеміз. Бізде көмектесуге арналған техникаларымыз бар. Қызметкерлер әрқашан қолдау көрсетуге дайын.

Саяжай аумақтары тасқын кезінде күзетілетін болады. Мақсат – дүние-мүліктің жоғалуына жол бермеу.