Қоғам

Мектеп асханалары тексерілді

Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы оның дамуы мен әл-ауқатын арттыруға тікелей қатысты. Оқу барысында мидың белсенділігіне оң әсер ететін тағамдарды тұтыну маңызды. Осы мақсатта әр мектепте ай сайын тамақтану сапасын бақылау комиссиясы өтеді. Іс-шара кеше қаладағы “ЛОРД” дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицейінде де ұйымдастырылды.

ИРИНА ДУБРОВСКАЯ, “ЛОРД” дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицейі директорының орынбасары:

– Біздің мектепте тамақ сапасын бақылау комиссиясы құрылған. Құрамына ата-аналар мен лицейдің серіктестері кіреді. Бүгін кезекті рет бақылау жұмысын өткізіп жатырмыз. Мақсаты – балғындарға қандай жағдай жасалғанын, денсаулықтарына қаншалықты пайдалы тағам тұтынатынын көру. Іс-шара барысында санитарлық тазалық және хаттамаға сай ережелердің сақталынуы бақыланады.

Наталья Бриль – комиссия мүшесі. Баласының денсаулығына айрықша мән беретін ана ас мәзіріне көңілі толатынын айтады.

НАТАЛЬЯ БРИЛЬ:

– Балаларды сапалы тамақтандыратынына сенімді болғым келеді. Таңнан кешке дейін сабақта болады. Күш болуы үшін тоқ жүруі керек. Жаңа барлығын қарап, тіпті суретке де түсіріп алдым. Салынған тамақтың да көлемі жеткілікті. Байқап қарасам, балалар сұйық тағам мен салатты сүйсініп жейді екен.

ӘДИЯ САКСЕМБАЕВА, оқушы:

– Маған мектептегі тамақ ұнайды. Себебі, ол пайдалы әрі дәмді. Бірінші мен екінші тамақ, салат және ақ пен қара нан береді. Күні бойы тойып жүреміз деп айтсам болады.

Балалардың ас мәзірін қазірден қадағалау арқылы түрлі аурудың алдын алуға болады. Іс-шара соңында арнайы құрылған комиссия жиналып, ерекше байқалған тұстарды талқылап, оң деген баға берді.

 

Ақжүніс Мұқатай