МТРА жаңалықтары

Тасқын кезеңінде жалған ақпарат таратқан үшін жаза қарастырылған

Тасқыннан зардап шеккен бірде-бір тұрғын қолдаусыз қалмайды! Жергілікті атқарушы органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтемақы төлейді. Ол үшін арнайы тізім жасалады. Бұл мәселе облыс прокурорының ерекше бақылауында екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, қадағалау органы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған ақпаратты орналастырғаны, таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді. Қауіп бұлты үйрілген бүгінгі таңда тек ресми ақпарат көздеріне сену қажет. Ал құқықтық сипаттағы барлық сұрақтар бойынша тұлға тұрғылықты жері бойынша прокуратура органдарына жүгіне алады.

 

Байболат Құлтанов