ТЖ

Сергеевка су қоймасы суға толды

Мамандардың айтуынша бүгін сағат 12-дегі көрсеткіш бойынша Сергеев су қоймасының толымдылығы 180 пайызды құрады. Су деңгейі – 4 метр 15 см-ге жетіп, антирекорд тіркелді. Есіл өзенінің төменгі тұсында орналасқан елді мекен тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Сілеті және Шағалалы су қоймалары да жіті назарда. Есіл өзенінің көтерілуінен Жарқайың, Бірлік, Николаевка, Шал ақын ауданындағы Жаңасу, Қаратал мен Коноваловка ауылдарына да қауіп төніп тұр. Аталған аймақтардан 134 адам эвакуацияланып, 800-ге жуық мал қауіпсіз жерге көшірілген. Облыс бойынша тәулігіне 29 мың текше метрге жуық су сорылды. 2 мыңға жуық арық тазаланды. Жалпы, өңірде, су тасқынына қарсы іс-шараларға мыңнан астам адам, 200-ден аса техника мен 6 су көлігі жұмылдырылған.

 

Ақжүніс Мұқатай