Аптадағы маңызды жаңалықтар

Роман Скляр Аққайың және Тайынша аудандарында болды

Аққайың ауданындағы ахуалмен аудан әкімі Рүстем Елубаев таныстырды. Оның айтуынша, қазір айтарлықтай қауіп жоқ. Ал су тасқыны қаупі бар елді мекендерде бөгет бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда қажетті техника жеткілікті. Сондай-ақ, арнайы эвакуациялық пункттер де дайындалған.

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Су күтпеген жерден Власовское ауылына келді. Ал Безвестное ауылын су басты. Сондықтан, республикалық маңызы бар жолдарды бұзып, суға жол ашуға тура келді. Жалпы, барлығы – 35 аулаға су кірді. Қазір қауіптің беті сейілді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары және облыс әкімі Рублевка ауылы аумағындағы бөгетті де көрді. Роман Скляр «Ауыл тұрғындарының өміріне қауіп төбес үшін, су тақынына қарсы шараларды күшейтілген түрде жүргізу керек»,- деп қадап айтты. Ал Тайынша ауданында жағдай күрделі. Роман Скляр Красная поляна ауылының зардап шеккен тұрғындарымен кездесті.

РОМАН СКЛЯР, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Әкімдік бұл ретте ауыр зардаптың алдын алды. Жедел әрекет етіп, жолдарды ашып үлгерді. Соның арқасында су егістікке қарай кетті. Осы орайда өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысы: «Тасқыннан зардап шеккен бірде-бір адам көмексіз қалмайды. Барша жанға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Жағдай өте күрделі болса да біз қиындықтарды міндетті түрде еңсереміз» деп айтты. Сондықтан, бұл қиын сәттер өтеді деген сенімдеміз.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біз келтірілген шығынды жедел түрде есептеуіміз керек. Сол кезде комиссия да жылдам жұмыс істейді. Біз барлық шығынды толықтай өтеуге дайынбыз.

Тұрғындар мұндай жағдай енді қайталанбас үшін жаңадан бөгет салуды сұрады.

– Надо поработать, поднять. Если там защитим дамбу, то увеличим трубу.

Облыс әкімі мен вице-премьер Доброжановка, Черниговка, Келлеровка ауылдарындағы су тасқынының салдарын көрді. Сондай-ақ, Тайынша қаласында агротехникалық колледжде орналасқан 60 орындық эвакуациялық пунктте болды.

БЕРІК ӘЛЖАНОВ, Тайынша ауданының әкімі:

– Вода здесь полностью стояла. Это – пойма реки Ишим, вода прошла беспрепятственно. На руку нам сыграло.

Сондай-ақ, Роман Скляр Петропавл қаласында да жағдай аса күрделі екенін айтты. Бір аптаның ішінде облыс орталығына су келуі мүмкін. Сондықтан,Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауапты мамандарға бөгет нығайту жұмыстарын қарқынды жүргізуді тапсырды.