Қоғам

Қалалық ардагерлер ұйымы курсанттарға бауырсақ таратты

Елім дейтін ерлер – ел қауіпсіздігінің қалқаны! Қазіргі таңда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары Прибрежное ауылы маңындағы бөгетті нығайту жұмысына қатысып жатыр. Оларға бүгін алғыс айту үшін қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері арнайы келіп, бауырсақ пен тоқаш таратты.

Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берген жігіттер қызыл суды ауылға кіргізбес үшін дамыл таппай еңбек етуде.

ӘЛІМЖАН ТАСМАҒАМБЕТОВ, ҚР Ұлттық ұлан академиясының батальон командирі:

– Халық қиналған сәтте көмек қолын созу – біздің міндетіміз. Таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істеп, бөгетті нығайтып жатырмыз. 2017 жылғы жағдай қайталанбаса екен дейміз. Осы жерде еңбек етіп жатқанымызға бүгін 10 күн болып қалды.

 

Мәдина Қаби