ТЖ

6 ауыл жарықсыз қалған

Электр желілерін тарату компаниясы мамандарының сағат 11:00-де берген мәліметі бойынша, су тасқынына байланысты 253 жеке және 19 заңды тұлғаға қатысты электрмен жабдықтауға шектеу қойылған. Тіректерге мұз бөліктерінің жоғары жылдамдықпен соғылуының салдарынан өңірде 6 бірдей ауыл жарықсыз қалды.

АЛЕКСАНДР ЕЛИСЕЕВ, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ бас инженері:

– Шал ақын ауданында 35 кВ-тық «Марьевка-Жаңажол» желісін су басу салдарынан 100-ге жуық бағанды еріген су толқыны құлатқан, 11 тірекке мұз әсерінен зақым келген. Үш ауылға жарықты тарату бойынша шектеу қойылды. Қазіргі таңда Жаңажол ауылындағы шектеу алынып, тасымалданатын дизель генераторлары орнатылды. Жаңаталап, Кеңес ауылдарында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жақын арада барлық шектеу шарасы алынып тасталады.

Спикердің сөзінше, оқиға орнында 21 маман қираған тіректерді қалпына келтіруде. Су тасқынына байланысты Есіл ауданында да кейбір ауылдар жарықсыз отыр.

АЛЕКСАНДР ЕЛИСЕЕВ, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ бас инженері:

– Есіл ауданында 35 кВ-тық Покровка-Алматинское желісін су басу салдарынан 2 елді мекен электр желісінен ажыратылды. Қазір 11 адамнан және үш техникадан тұратын жедел қалпына келтіру тобы жұмыс істеп жатыр. Шамамен сағат 15:00-16:00-ге дейін барлық тұтынушыға қуат көзі беріледі. Николаевка ауылында «Береговая» трансформаторлық станциясы сөндірілді. Себебі, Береговая көшесін су басқан. Ондағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясының мамандары су деңгейінің жоғарылау қаупі бар аумақтардағы жағдайды тәулік бойы бақылауда.