Мәдениет

Жергілікті өнерпаздар Ресейден жеңіспен оралды

Теріскейлік өнерпаздар Татарстаннан жеңіспен оралды. «Звонница» вокалдық-хореграфиялық ансамблі жуырда Қазан қаласында өткен халықаралық байқауға қатысып қайтты. Елге жүлделі орындармен келді.

“Звонница” қатарындағы үздік жас бишілердің бірі – Платон Радионов. Ол байқауға кіші топтың құрамында қатысқан. Өнерлі жеткіншек жұбымен бірге билеп жүріп ән айтқан.

ПЛАТОН РАДИОНОВ, «Звонница» вокалдық-хореграфиялық ансамблінің мүшесі:

– Мен бимен де, әнмен де айналысамын. Өнерге бет бұрғаныма 5 жыл болды. Екі өнер де маған қатты ұнайды. Байқауға қатысқанда тіпті ерекше сезімге бөленемін.

Дарья Зинкевич 3 жасынан бастап бимен айналысады. Халықаралық байқауда кіші топ 1-ші орынды жеңіп алса, Дарья баратын ортаңғысы 2-ші орын иеленген.

ДАРЬЯ ЗИНКЕВИЧ, «Звонница» вокалдық-хореографиялық ансамблінің мүшесі:

– Өнер байқауынан ерекше әсер алдым. Біраз өнерлі баламен таныстық, пікір алмастық. Әр дода біз үшін бір сынақ, уайым да болады, ең маңыздысы тәжірибе жинаймыз.

“Звонница” ансамблінің құрылғанына биыл 28 жыл толады. Репертуарларында 100-ден аса ән-би бар. Ансамбль құрамында өнермен айналысатын жандардың жасы 4-тен бастап 34-ке дейін жетеді.

 

Мәдина Қаби