Kurultai banner mobile

Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі су келген ауылдың тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың және Тайынша аудандарында болды. Алғаш аталған аудандағы Рублевка ауылында жер қорғанын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Үйлерге тасқын таяған жоқ. Ал Тайыншадағы Доброжановка ауылына үлкен су келді. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ол арнайы жасалған арна арқылы өтті. Осының арқасында баспаналарға кірмеді. Қазір судың деңгейі төмендеп жатыр. Келлеровка халқы болса сақадай сайлануда. Аймақ басшысы мұндағы жұмыстарды да бағамдады.

 

Гүлден Сембаева