Ауыл шаруашылығы

Шал ақын ауданының кәсіпкері биыл 8 мың гектар жерге егін егеді

Шал ақын ауданына қарасты Городецкое ауылындағы агроқұрылымға Александр Черкасс деген кәсіпкер жетекшілік етеді. Іскер азаматтың қарамағында 60-тан астам адам жұмыс істейді. Олар биыл 8 мың гектар жерге егін егуді межелеп отыр. Көктемгі дала жұмысына барлығы – 30-дан астам техника шығады дейді.

АЛЕКСАНДР ЧЕРКАС, серіктестік директоры, Шал ақын ауданы:

– 4 мың гектарға бидай егеміз. Бұршақ тұқымдас дақылға 500 гектар бөлемін. Тағы мың жарымын зығырға арнаймын. 800 гектар рапс болса, 500 гектар жерді қарақұмық алады. Сондай-ақ, биыл бірінші рет 500 гектар жерге жасымық екпекшіміз. Қалғаны жемшөп болады. Жанар-жағармайымыз бар. Бәрі дайын.

Жалпы, Шал ақын ауданында ауыл шаруашылығы өнімін арттыру және топырақ құнарлығын сақтау мақсатында биыл шамамен 130 мың гектар алқапқа 16 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыш себу жоспарланып отыр. Оның 12 мың тоннасы алынған. Еске сала кетейік, Шал ақын ауданында биыл 260 мың гектар жерге егін егіледі.

 

Гүлден Сембаева