Құқық қорғау органдары

Петропавлда жасөспірім әжесінің үйіне синтетикалық есірткі жасырған

Есірткі сатып, ұртын майламақ болған жасөспірім. Петропавлда жедел уәкілдер аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен 17 жастағы ер баланы ұстады. Одан ұнтақ тәрізді ақ түсті зат салынған және сатуға дайындап қойған 10 түйіншек тәркіленді. Күдікті есірткіні әжесінің үйінде сақтап келген. Зейнеткер немересінің заңсыз әрекетінен бейхабар болып шықты. Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 191 грамды құрады. Қоса кетейік, ұсталған ер баланың есірткі сатумен айналысып жүргеніне 3 айдай уақыт болған. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Жалпы, былтыр өңірде есірткі таратқаны үшін 2 жасөспірім темір торға тоғытылыпты.

 

Ақжүніс Мұқатай