Қоғам

Облыста 57 мың текше метрден астам су сорылды

Бұл – Тайынша ауданындағы Алабота ауылының көрінісі. Судың деңгейі белге дейін жетеді. Тұрғындар трактордың алдындағы жабдықпен малдарын көтеріп, тасқыннан құтқарудың амалын жасауда. Көмек қажет ауылда бұдан бөлек тағы бір өткір мәселе тұр. Ол – байланыс пен көшелердегі жарықтың жоқтығы. Айтуларынша, ауылдық округтің әкімін халыққа есеп беру кезінде ғана көреді.

Төтеншеліктердің мәліметінше, бүгінге дейін облыста 57 мың текше метрден астам су сорылып, 13 мыңға жуық арық тазартылды. Қарғын суға бөгет ретінде құм толтырылған 3 мың данадан астам қапшық дайындалды. Онымен қоса арналар кеңейтіліп, тереңдетілді. Таңертеңгі 9-дағы жағдай бойынша өңірдегі 30-ға жуық жолды қызыл су шайған.

 

Гүлден Сембаева