ТЖ

Тәртіп сақшысы бұзылған жолды қалыпқа келтіруге көмектесті

Уәлиханов ауданында учаскелік полицей бұзылған жолды қалыпқа келтіруге көмектесті. Жасұлан ауылынан шығаберістегі жолды су басып, екі ортада қатынау мүмкін болмай қалған. Жолдың астындағы екі бірдей құбырдың да төпелеп келіп жатқан суды өткізуге қауқары жетпепті. Ақбұлақ ауылдық округінің тәртіп сақшысы Серік Әмірбеков ауыл тұрғындарымен бірге су басқан жерге тас төсеп, жиек жасаған. Жол қалыпқа келтірілді.

 

Гүлден Сембаева