ТЖ

Петропавл қаласында төтенше жағдай жарияланды

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысында төтенше жағдай режимін жариялау туралы шешім қабылданды. Еске сала кетейік, наурыздың 30-ы күні шаһардағы Абай көшесінде орналасқан диаметрі 800 мм-ді құрайтын кәріз коллекторы істен шықты. Салдарынан жолдың бір бөлігі опырылып, 12 үй жапа шекті. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша жетекші болып әкімнің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Біржан Күшербаев тағайындалды.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Бұл кәріз коллекторының жұмыс істеп тұрғанына 50 жылдан асты. Тозу деңгейі шамамен 100 пайызды құрайды. Жүйе қаланың орталық бөлігіне, Жұмысшы мен Ойқала және Береке шағын аудандарына қызмет көрсетеді. Төтенше жағдай режимі кезінде коллекторды реконструкциялау жұмысы жүргізілетін болады. Оның жалпы ұзындығы 2,6 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, су тасқынына қарсы іс-шаралар қабылданады. Комиссия құрылды. Ол үй йелеріне келтірілген залалды бағалайды.

 

Ақжүніс Мұқатай