Қоғам

Өңірде түркістандық құтқарушы көз жұмды

Құтқарушыны ажал аузынан құтқару мүмкін болмады! Өңірге тасқынға байланысты көмек қолын созу мақсатында сонау Түркістан облысы Сайран ауданы №6 өрт сөндіру бөлімінен келген бөлімше командирі Бекжан Балданов қаза тапты. Қайғылы жайт сәуірдің 2-ші жұлдызына қараған күні Тайынша қаласында орын алды. Дәрігерлер жүрек тұсындағы қолайсыздыққа шағым білдірген маманды облыс орталығына санавиация арқылы жеткізбек болыпты. Өкінішке қарай, 46 жастағы азамат аудандық мекемеде жедел миокард инфарктінен көз жұмған. Марқұмның артында 5 бірдей баласы қалды. Тайыншадағы ахуалмен танысу үшін арнайы барған аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов түркістандық өзге құтқарушыларға көңіл айтты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бекжан Қуанышұлы көрмеген жақсылықтарды балалары көретін болсын. Көңіл хатымды жолдадым. Марқұмның денесін еліне жеткізу жайы пысықталып жатыр. Өздерің аман болыңдар!

 

Байболат Құлтанов