Қоғам

Су тасқынының алдын алу

Облыс орталығында қыстан бері 1 млн текше метрден астам қар шығарылды. Бұл іске 150 техника жұмылдырылған. Су тасқынының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаруа – аманаттықтардың жіті бақылауында. Қар аршу жұмыстары «Солнечный-2» кентінде аяқталған, қазір қатарынан 6 ықшам ауданда жүріп жатыр.
Қардан бөлек, еріген қар суы ағатын суағарлар да тазартылуда.
Бұл жұмыстың да басым бөлігі тындырылған екен. Қажет кезде іске қосылатын техника сақадай сай тұр. Оның 40-қа жуығы – сорғы мен мотопомпа. Жуық арада партия өкілдері ТҮКШ бөлімінен су басу қаупі басым жерде тұрған үйлердің тізімін алады. Сосын мамандар мемлекеттік орган қызметкерлерімен бірге үй-үйді аралап, тұрғындарымен тілдеседі.

 

Гүлден Сембаева