Спорт

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынындағы 31 жолдаманың екеуі теріскейліктікі

Франция жеріндегі додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Парижде алауы тұтанатын жазғы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы айлар қалды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Франция жеріндегі додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Қазақстан делегациясының қоржынында 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Қазақстан ұлттық құрамасында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар:

(бокс (ерлер) – 6
нысана көздеу – 5
садақ ату – 4
семсерлесу – 4
тасжолдағы велоспорт – 3
қазіргі бессайыс – 2
таэквондо – 2,
бокс (әйелдер) – 1
грек-рим күресі – 1
еркін күрес – 1
спорттық гимнастика – 1
батуттағы гимнастика – 1

Лицензия санын өңірлер үлесіне бөлер болсақ, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысы үздік нәтижемен көш бастап тұр. Үшеуінің де еншісінде бес жолдамадан бар. Солтүстікқазақстандық спортшылар әзірге 2 лицензия иеленіп отыр. Екеуі де велоспортшы Алексей Луценконыкі. Айта кетейік, Олимпиада ойындарына дейін әлі 50-ден аса лицензиялық жарыс бар. Оның ішінде спортшыларымыз әлем чемпионаттары, Азия чемпионаттары және рейтингілік турнирлерге қатысады.