СпортҚұқық қорғау органдары

Ұлттық стильдегі спорттық шара

Ұлттық стильдегі спортық шара. Тәртіп сақшылары қызметтік киімдерін шапанға ауыстырып, арқан тартыстан сынға түсті. Спорттық шара «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының стадионында өтті. Қатысушы команда саны – 8.
Іс-шараны арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы ұйымдастырыпты. Жеңімпаздарға грамоталар табыс етіліп, 1-ші орын алған арнайы жедел-әрекет ету жасағының командасына естелік сыйлық берілді. Қарапайым болып көрінетін бұл спорт түрі зор күш пен командалық рухты қажет етеді. Ұлттық спорт түрлерімен айналысу қызметкерлердің патриоттық сезімін молайтып, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтады дейді мамандар.