МТРА жаңалықтары

Ардагер қызметкерлер жас мамандармен кездесті

Жас қызметкерлерге арналған тәлім. Кеше Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінде елеулі қызмет атқарып, еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер жас мамандармен кездесті. Отставкадағы полиция подполковнигі Ғалым Жуандықов пен полиция старшинасы Асқар Молжігітов темір жол вокзалына барып, жедел-профилактикалық шараларға қатысты. Онда қағидалар түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары тағы бір мәрте пысықталды. Кейін топ “Петропавл-Алматы” бағытындағы жолаушылар поезында кездесу өткізіп, жолаушылармен тілдесті. Шара соңында ардагерлер жас қызметкерлерге ақыл-кеңестерін айтты.

 

Ақжүніс Мұқатай