МТРА жаңалықтары

Кәсіпкердің құқығы қорғалды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында облыс прокуроры Қайрат Әбдіхановтың қатысуымен өткен жиында кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мамлют ауданының іскер азаматы ақпан айында балық аулау мақсатында көлді жалға алған. Бірақ, Есіл облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының мамандары іскер азаматпен 3 күн түгіл, бір ай өтсе де келісім шарт жасаспаған. Жиында – келісім шарттың жасалмауы негізсіз деп танылып, табиғат қорғау прокурорына мәселені шешу тапсырылды.

 

Гүлден Сембаева