Құқық қорғау органдары

Полицейлерге арналған тренинг

Инспектор-психологтар полиция қызметкерлеріне арнап тренинг өткізді. Мақсат – тәртіп сақшыларының команда құру және жедел шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту. Психологтардың тренингіне облыстық және қалалық құрылымдардың қызметкерлері қатысты. Шенді мамандар онға жуық тапсырма орындады.
Іс-әрекет, іс-қимылды үйлестіру, түсініксіз жағдайда тиімді әрекет ету – тәртіп сақшылары тренингте қозғалған тақырыптар таңсық болды дейді.

АЙГҮЛ СЕИТОВА – қалалық ПБ ППБ аға инспектор-психологы:

– Тренингтік сабақтар ұжымның ұйымшылдығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, бұндай шаралар психоэмоционалды күйді жеңілдетуге сеп болады. Арнайы жаттығуларды біз далада және залда өткіземіз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Тренингтің қорытындысы ретінде тәртіп сақшыларына аутогендік жаттығу ұйымдастырылды.

ЕРБАҚЫТ ЕРЖАНОВ – СҚО ПД ППБҚ инспекторы:

– Бүгінгі тренинг өте әсерлі өтті. Осындай тренингтерді жиі өткізіп тұрса жақсы болар еді.

АЛИНА РАМАЗАНОВА, қалалық ПБ инспекторы:

– Өте ұнады. Көп рахмет керемет көңіл күй үшін. Тренинг жиі ұйымдастырылып тұрса екен.

Тренингке қатысқан тәртіп сақшылары алынған ақпарат пен көрсетілген машық қызмет атқару баорысында туындаған түйткілді шешуге сеп болмақ дейді.