Денсаулық сақтау

Өкпе ауруына қарсы науқан

24 ақпан – Дүниежүзілік түберкулезге қарсы күрес күні. Бүгін аталмыш күнге орай індеттің алдын алу мақсатында айлық бастау алды. Облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары “Алтын арман” сауда орталығында флешмоб билеп, жаднама қағаздарын таратуға кірісті.

НАТАЛЬЯ СУХОДУБОВА, облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері:

– Жылдағыдай Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлығымызды бастадық. 20-ға жуық қызметкер жұмылдырылды. Жалпы, облыста туберкулез бойынша жағдай тұрақты. Өткен жылы сырқат көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 40,6 пайызды құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға көп. Статистика санын азайту үшін осындай шаралардың маңызы зор деп ойлаймын.

Бұл шараның маңызы тек ақпаратпен құлақтандыру емес. Халық көптеп жиналатын, сауда қызу жүретін нысанның артында флюрорография өтетін арнайы көлік, яғни қондырғы орнатылған. Петропавлдықтарға сағат 10-нан 12-ге дейін тегін қызмет көрсетіледі. Тек өзіңізен бірге жеке құжаттарыңыз болса болғаны.

Қазіргі таңда қауіпті дертті жұқтыру жағдайлары мен одан болатын өлім-жітім саны азайса да әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келе жатыр. Кеселдің бар-жоғын білу үшін уақытылы дәрігер қарауынан өтіп отырған жөн. Мұны халық жақсы біледі.

– Өте пайдалы акция деп санаймын. Жұмыс орныма дейін келіп, шақырту қағазын қалдырып кетті. Көлік те дәл жанымызда тұр. Өте ыңғайлы әрі денсаулығымыз үшін пайдалы іс. Оның үстіне менің айнаға түскеніме 1 жыл болып қалды. Қазір барып түсемін.
– Әрине, өте жақсы науқан. Өзім жыл сайын өтемін. Жаңа келіп есіме салып кетті. Қазір барып түсіп келемін. Осы жерде болғандықтан көп уақытымды да алмайды.
– Кезекте тұрмын. Құжаттарым қолымда. Деніміздің саулығы – өз қолымызда.

Арнайы құрылғының жанына халық көптеп жиналды. Айта кетейік, өкпе ауруының алдын алу үшін мұндай шара ауылды жерлерде де өтіп тұрады.

 

Ақжүніс Мұқатай