Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Жиын алдында мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды, деп хабарлайды Ақорда сайты. Президент форум қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде қыз-жігіттердің осынау инновациялық ізденістерін оң бағалап, тиісті органдар тарапынан мұндай бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керек.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Президенттік жастар кадр резерві дәл осындай талапты жастарға бірегей мүмкіндік береді. Бүгінде резервте 400 маман бар. Соның 280-і, яғни 70 пайызы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалды. Бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етіп жүр. Қазіргі таңда елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекетімізді өркендету үшін жаңа, батыл қадамдар жасалуда. Сондықтан, өздеріңіз сияқты еліміздің жалынды жастары осы өзгерістердің қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек деп санаймын.

 

Байболат Құлтанов