Денсаулық сақтау

Эпидемиологиялық ахуал

Соңғы уақытта өңірде қызылша жайлы көп айтылмай кеткенімен індетке қатысты ахуал әлі күн тәртібінен түсе қойған жөн. Инфекция бар. Ол кез келген сәтте алқымнан алып, аяқтан шалуы мүмкін. Су жаңа статистикамен баспасөз мәслихатында облыстың бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев бөлісті.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Қызылшаның 155 расталған жағдайы тіркелді. Науқастанғандардың басым бөлігі – петропавлдықтар.

Қалған аудандарда 1-2 жағдайдан тіркелген. Инфекция жұқтырғандардың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. Қоғам қызылшамен ғана емес, өзгелерімен де күресу керек. Айта кеткен маңызды, мұнда да өсім байқалады.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Қаңтар айында ЖРВИ 20 666 жайты тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезіңіндегі көрсеткіштен 2,4 есеге көп.

Бұдан кейін кезек сұрақ-жауапқа келді. Баспасөз мәслихатына офлайн режимде қатысқан журналистер қайтадан бетперде тағу жайлы сұрады.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Барлық медициналық мекемеде бетперде тағу керек. Ал басқа жерде міндетті емес.

Қоса кетейік, жыл басынан бері өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 9 жайты тіркеліпті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 5,4 есеге төмен.

 

Байболат Құлтанов