Құқық қорғау органдары

Полиция қатарына кадрлар қажет

Полиция қызметкерлері бастаған бір топ маман әл-Фараби мектеп-лицейіне барып, жоғары сынып оқушыларымен жүздесті. Мақсат – түлектерді тәртіп сақшысы мамандығына тарту, өйткені, қатарға кадрлар қажет. Тегін оқу, шәкіртақы, киім-кешек – 4 жоғары оқу орнының біріне түскен талапкер осындай игіліктермен қамтылады. Оқуға түсу үшін қандай емтихан тапсыру керек, диплом алған жас жұмыспен қамтыла ма? Оқушылар арнайы келген мамандарға өз сұрақтарын қойды.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, «Сенімен болашақ» РҚБ СҚОФ жетекшісі:

– Біздің бүгінгі мақсатымыз – балаларға кәсіби бағдарлау бойынша жол көрсету. Бүгінгі күні полиция департаменті, сот, прокуратура, банк саласы, қаржы саласы, мұғалімдер, дәрігерлер секілді маман иелерін әкеліп, оқушыларды осы мамандықтар жайлы таныстырып жатырмыз. Алдағы уақытта оқушылар өздерінің таңдаған мамандығы бойынша мекемелерге барып, сол жерде мекеменің жұмысымен де танысатын болады.

 

Мәдина Қаби