Аптадағы маңызды жаңалықтарДенсаулық сақтау

Қызылжар ауданында 8 медициналық нысан салынады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Бескөл ауылындағы аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Мұндағы емхана күніне 200 адам қабылдауға қауқарлы. Бірақ, нысан тарлау болып тұр.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қызылжар ауданының өсіп жатқан халқына қызмет көрсете алатын жаңа ғимарат қажет. Ол үшін экономикалық есептерді жасауды тапсырдым. Олардың негізінде жаңа емхананың құрылысы туралы шешім қабылданады.

Облыста “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында биыл 38 медициналық нысан салынады. Сондай-ақ, ауданға қарасты 8 елді мекенде медициналық ұйым тұрғызу жоспарланып отыр.

 

Гүлден Сембаева