Қоғам

«Birgemiz» акциясы

Биыл өңірге түскен қардың қалыңдығы жарты метрге жуықтайды.
Бұған – синоптик мамандардың қар қалыңдығын өлшеу нәтижесінде белгілі болған көрсеткіш дәлел. Қалың жатқан қар көктем келісімен ери жөнеледі. Облыста 87 елді мекенді су басу қаупі бар. Осы орайда қазір елді мекендерден қар шығару жұмысы жүріп жатыр. Жалғызбасты қарттарға волонтерлер көмектесуде. Олар «Birgemiz»” атты акция ұйымдастырды.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, “Жастар рухы” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Іс-шараның басты мақсаты – алдағы осы көктем кезінде су тасқынының алдын алу, болдырмау үшін. Алдағы уақытта аулалардағы қарды сытқа шығарып, коммуналдық қызметкерлердің техникамен осы қарды сырып әкетуі үшін, ыңғайлы болуы үшін сыртқа шығару жұмыстарын бастадық.

Бүгін волонтерлер 72 жастағы Людмила Соловьеваның үйіне барды. Жастар ауладағы қарды сыртқа шығарып, үйге отынын да кіргізіп кетті.

ЛЮДМИЛА СОЛОВЬЁВА, қала тұрғыны:

– Көмек көрсетуге келген бір топ жасты көріп қуанып қалдым. Жасың келгендіктен әрі жалғыз тұрғандықтан көп жағдайда біреудің көмегіне мұқтаж боласың. Осы ұйымдардың барына шүкіршілік етемін. Көп көмегі тиіп жатыр.

Бұл – шараның бастауы. “Жастар рухы” бастаған еңбекқор жастар осы шарамен аудандарды да қамтуды жоспарлап отыр.

 

Мәдина Қаби