Өнеркәсіп

Облыс әкімі жаңа кәсіпорынмен танысты

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы жаңа кәсіпорынмен танысты. «Mix Universal» құрғақ құрылыс қоспалары мен автоклавты газдалған блоктар шығарады. Жобаға 600 млн теңге инвестиция тартылды. Оның 400 млн теңгесі – жеңілдетілген несие. Сондай-ақ, мемлекет есебінен қажетті инфрақұрылым жүргізілді. Өндірістің іске қосылуының арқасында 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 65 мың текше метрге дейін құрылыс материалдарын өндіретін болады. Қазіргі уақытта газ блоктары мен қоспаларына жергілікті құрылыс компаниялары тапсырыс беріп жатыр.

 

Байболат Құлтанов