МТРА жаңалықтары

Өңірге ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Ж.Тангиев келді

Қазақстан халқы ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Жамболат Тангиев өңірге жұмыс сапарымен келді. Оның төрағалығымен Достық үйінде жиын өткізді. Отырысқа облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық келісім» ұйымы мен Ассамблея өкілдері қатысты.

ЖАМБОЛАТ ТАНГИЕВ, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:

– Біз кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысын күшейтуіміз керек. Ұйымға мүшелік ететін адам саны аз. Қатарымызға саланың қыр-сырын танитын, кәсіпкерлердің мәселесінен құлағдар, оны шешуге қатысты ұсыныс білдіре алатын белсенді жандарды көбірек тартуымыз қажет.

Жиында Жамболат Тангиев елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің атамекендерінен инвестиция тарту мәселесін алға тартты. Ұйымның вице-президенті жергілікті кәсіпкерлер палатасының филиалдарымен әріптестік туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.

 

Мәдина Қаби