Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларының тәртібі талқыланды

Қалалық полиция басқармасы – облыстағы ең ірі полиция бөлінісі болып саналады. Осы орайда полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов бөліністің жеке құрамымен кездесті. Жиында тәртіп сақшыларының тәртібі мен жұмыс сапасы қаралды. Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша қазіргі полиция қызметкерлері тиісті техника, заманауи құрал-жабдықпен қамтылған. Олардың міндеті – елге адал қызмет ету. Осы орайда жемқорлықтан ада болулары керек. Әйтпеген жағдайда өзі ғана емес, басшылары да тәртіптік жауапкершілікке тартылып, лауазымдарынан айырылуы мүмкін. Полиция қызметкері тарапынан заңға қайшы әрекет байқалған жағдайда өзіндік қауіпсіздік басқармасына экранда көрсетілген 8 (7152) 61-26-89; +7-700-161-26-89 нөмірлер бойынша хабарласуға болады.