Денсаулық сақтау

Өңірде 52 медициналық ұйым қызмет көрсетеді

Облыс бойынша халыққа 52 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның ішінде мемлекеттік – 27, қалғаны – жекеменшік. Өңір бойынша оған тіркелген халық саны 544 мыңнан асып жығылады. Өткен жылдың соңында 2024-ші жылға жаңа жеткізушілердің сатып алу конкурсы өткізіліп, нәтижесі шығарылды.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– Бұл конкурсқа өңірлік комиссиялар қатысты. Жаңа жеткізушілер келетін болса, олардың жұмыс орнын, базасын тексеріп, жабдықтарын тексеріп содан кейін ғана конкурсқа қатысуға мүмкіндік берді. Қорытынды бойынша 52 медицина ұйымы бар.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл сайын медициналық ұйымдарды қаржыландырады. Биыл тараптармен 72 млрд теңгеге шарт жасалған. Сондай-ақ, қаңтардың 25-26-сы күндері Астана қаласында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары арасында конурс өтті. Оған 20 филиал қатысқан. Бірнеше ұйымның ішінен облыс мамандары топ жарып, 1-ші орын иеленді.

 

Гүлден Сембаева