ТКШ

С.Мұқанов көшесінде жылу құбырын жөндеу жұмысы жалғасуда

Мәселе әлі шешілген жоқ! Облыс орталығының С.Мұқанов көшесінде жылу құбырын жөндеу жұмысы жалғасуда. Еске сала кетейік, оқыс оқиға кеше, яғни 24 қаңтар күні түскі уақытта болды. Салдарынан 4 заңды тұлға иелік ететін нысан жылусыз қалды. Бүгінгі таңға дейін олардың үшеуіне қатысты түйткіл шешімін тапты. Сәрсенбіде «Жас Өркен» ықшам ауданындағы нысандарда температура түсіп кеткенін де айта кету керек. Соңғы ұсынылған дерекке сүйенсек, жағдай тұрақталды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, салқындау байқалатын тұрғын үйлерді «Петропавл жылу жүйелері» серіктестігінің қызметкерлері арнайы мамандармен тексеруде.

 

Байболат Құлтанов