ТКШ

Петропавлда жылу құбыры жарылды

– Авария страшная, произошла утром, я в окно посмотрела, вижу клубы пара. Мы в 2022 году просили, чтобы сразу сделали нам трубу, убрали арку, но нам отказали, мы хотели, чтобы всё проасфальтировали, как положено, но не сделали этого.

Бүгін Петропавлдың қақ ортасында жылу құбыры жарылды. Салдарынан 20-ға тарта үй жылусыз қалды. Оқиға орнына 6 адамнан құралған апаттық бригада бірден аттанды. Олар 4 арнайы техниканың көмегімен олқылықты ретке келтірмек.

ВИТАЛИЙ ХОЛОША, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Жалпы алып қарасақ, құбыр шамамен 50-60 үйге қызмет көрсетеді. Баспаналардың басым бөлігі өзге желіге қосылды. Магистраль 70-ші жылдары тартылған. Әбден ескіргендігін айта кету қажет. Оны 20-шы жылдан бері кезең-кезеңмен жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Мамандарымыз алдағы 1,5-2 сағат ішінде олқылықты жояды. Содан кейін жылу бері қалыпқа келтіріледі.

Апат орнында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те болды. Бұл жайлы өңір жетекшісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, мәселе жеке бақылауында екенін хабарлады.

 

Байболат Құлтанов