МТРА жаңалықтары

Петропавлда волейболдан еске алу турнирі бастау алды

Петропавлда волейболдан жасөспірімдер арасында ашық турнир бастау алды. Бұл жарыс Алексей Мельниковтың құрметіне ұйымдастырылды. Білім беру үздігі әрі атақты жаттықтырушы көз тірісінде спортшылардың бірнеше легін дайындады, билік белестерді бағындырды.

РАИСА МЕЛЬНИКОВА,Алексей Мельниковтың жұбайы:

– Марқұм жұбайым Алексей Мельниковке жыл сайын турнир ұйымдастырылатынына ырзамын. Құрдастары, әріптестері мен шәкірттер үнемі есімін ардақтап жүреді. Бүгін гүл сыйлап, жылы сөздерін жаудырып жатыр. Алексей өмірінің басым бөлігін жұмысына арнаған еді.

Көп ұзамай алғашқы ойын да басталды. Ортада – сонау Краснояр өлкесінен келген “Элита” мен Астана қаласының командасы. Ресейліктердің шеберлегі сырт көзге бірден байқалады. Сауатты қимылдап, допты елордалықтардың алаңына қайта-қайта бағыттаған қонақтар алғашқы партияда жеңіске жетті. Таблодағы есеп – 20 да 12.

ӘМИНА ДАУЫЛБАЙ, Астана қаласы командасының ойыншысы:

– Волейболмен 5 жылдан бері айналысамын. Мектеп қабырғасында жүргенде көп жарыстарға қатыстым. Бүгінгі ойын туралы айтатын болсам, алғашқы ойын жергілікті “Қуаныш” командасымен болды. Жалпы, турнирге 2 айдай дайындалдық. Тіпті осы жарыс үшін чемпионатқа да қатыспадық. Себебі, барлық уақытты дайындыққа жұмсадық.

Жалпы, волейболдан Алексей Мельниковты еске алу турнирі 7 команданың басын қосты. Оның бесеуі – ресейлік. Еліміздің намысын астаналық және жергілікті “Қуаныш” ұжымы қорғайды. Петропавлда жасөспірімдердің жарысы қаңтардың 28-ші жұлдызына дейін жалғасады.

 

Ақжүніс Мұқатай