ТКШ

Судың да сұрауы бар

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы облыс орталығында өткен жиында айтылды. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментіне «Қазсушар» мен «Қызылжар су» кәсіпорындарынан өтініш келіп түскен. Соңғысының бас экономисі Елена Петрова тарифті өзгертудің себебін былай деп түсіндірді.

ЕЛЕНА ПЕТРОВА, «Қызылжар су» ЖШС бас экономисі:

– Таким образом, одним из оснований изменения тарифа послужило изменение суммы утвержденной инвестиционной программы в сторону увеличения с включением дополнительных мероприятий, направленных на реализацию государственной программы по снижению износа водопроводных, канализационных сетей, насосных станций.

Серіктестік 6 шақырым су құбырын күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа 235 млн теңгеден астам қаражат қажет. Ал сорғы станцияларын жаңғырту үшін шамамен 81 млн теңге керек. Сондай-ақ, 1 шақырым кәріз құбырын да ретке келтіру қажет мамандар. Ал «Қазсушар» кәсіпорнының филиалы 2024-2025 жылдарға жерүсті ағынын реттеуге қатысты тарифті өзгертуге ниетті. Өйткені, шығыс көбейді дейді, оның ішінде жалақыны көтеру, жұмысшылардың зейнетақы жарналарының көлемін арттыру бар.

РАМЗИЯ ХАСАНОВА, «Қазсушар» РМК СҚФ бас экономисі:

– 2024 жылға бекітілген тарифтік сметада бір қызметкердің орташа жалақысы 170 173 теңгені, оның ішінде өндірістік персоналдыкі – 170 595, ал әкімшілік персоналдыкім 168 568 теңгені құрап отыр.

Қазіргі уақытта 2 ұйымның да өтініштері табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде қаралып жатыр. Қоса кеткен жөн, қос кәсіпорында да кадр мәселесі өзекті. Айтуларынша, жалақының аздығынан жұмысшы орналасуға келетіндердің саны аз.

 

Гүлден Сембаева