ТКШ

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да жаңа жобаның артықшылықтары жайлы айтылды

Облыс орталығында жуырда қалалық қызметтер порталының іске қосылғандығы белгілі. Жобаны әзірлеуші – «Интегро» серіктестігі.
Петропавл – осы жүйе енгізілген 4-ші қала. Портал пайдаланушылары қазірдің өзінде коммуналдық ұйымдардың 37 қызметін қолдана алады. Алдағы уақытта олардың саны артады. «СЕВКАЗЭНЕРГО», «Қызылжар су» және «Горгаз-сервис» кәсіпорындарының мамандарынан құралған комиссия мүшелері бүгін бас қосып, жұмыстарын жүйеге бейімдеу туралы айтты. Сондай-ақ, жаңашылдықты халыққа түсіндіру жайында ұсыныстарын білдірді.

РОМАН ТЮКАНКО, «Интегро» ЖШС өкілі:

– Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін арнайы портал әзірледік. Ол қалалық қызметтерді бір платформаға біріктіреді. Бұл жоба алғаш рет осыдан 3 жыл бұрын елордада қолға алынды. Енді Петропавлға жетіп отыр. Әр тұрғын туындымызды пайдаланғанын қалаймыз.

МАҒАУИЯ САҒАНДЫҚОВ, «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры:

– Біздің міндетіміз – порталдың жұмысын тұтынушыларға түсіндіру, өйткені жаңа жүйе коммуналдық қызметтер мен тұтынушы арасындағы байланыс пен қарым-қатынасты жақсартады.

 

Мәдина Қаби