Экономика және қаржы

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 10%-ға өсті

Сандарды сөйлетейік! Былтырғы қаңтар-қарашада Қазақстанның ЕАЭО елдеріне тауар экспорты 9 904,6 млн долларға жетті. Бұл алдынғы жылмен салыстырғанда 10%-ға артық. Ал импорт 15 836,8 млн долларды құрады. Көрсеткіш 23-тің сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз. Ең жақын әріптесіміз – Ресей. Солтүстіктегі көршімізге сауда айналымындағы жалпы көлемнің 91,6% тиесілі. ЕАЭО елдерімен экспортта ең үлкен үлесті машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппаратуралар алады. Одан кейінгі сатыда химия және сабақтас салалар өнімдері тұр.

Қазақстан ЕАЭО елдерінен негізінен жануар және өсімдік текті өнімдерді, дайын тамақ өнімдерін – 19,9%, металдар мен олардан жасалған бұйымдарды – 19,3% импорттайды. Өткен жылдың 11 айында Қазақстанның ЕО елдерімен тауар айналымы 5 пайызға артып, 38 миллиард долларға жуықтады. 2022 жылы ЕО-дан Қазақстанға инвестиция көлемі 12,5 миллиард долларды құрап, соңғы 10 жылдағы ең жоғары деңгейді көрсетті.

 

Байболат Құлтанов