МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 700 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді

Былтыр 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 756,2 мың адам қатысты. 555,7 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 357,4 мыңы тұрақты еңбекпен қамтылды. Нарықтағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 46,1 мың жұмыссыз жан қамтылды, соның ішінде 42 мыңы оқуды аяқтады. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 133,4 мың отандасымыз оқыса,
99 мыңы курсты аяқтап, сертификат алды. Қызмет саласын таңдау мақсатында 143,9 мың адам әлеуметтік-кәсіптік бағдарлаудан өтті. Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант берілді.

 

Мәдина Қаби