МТРА жаңалықтары

Қалауын тапса қар жанады

– Варю около 20 видов сыра. В данный момент у меня есть из мягких сыров – моцарелла, сулугуни, ниже сыр фета, бурата, халуми для жарки либо так его можно кушать.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей! Петропавлдық Ольга Даньшина мемлекеттік грант алып, үйінде ірімшік өндірісін бастады.
Шикізатты алыстан іздемейді. Бір кездері Үкімет қолдауы арқылы алған 2 ешкісі көбейіп, бүгінде 10-нан асқан. Солардың сүтімен
ондаған келі ірімшік пен йогурт жасайды. Дәмді әрі бағасы қалта қақпайтын өнімді өзге өңірлердің де тұрғындары сатып алады екен.

ОЛЬГА ДАНЬШИНА, жеке кәсіпкер:

– Бірінші жұмсақ ірімшік жасадым, кейін қатты ірімшікке көштім. Соңғы уақытта сиыр сүтін де қолданып жүрмін. Табиғи таза өнімге не жетсін?! Бір орында тұрмай әрі қарай дамығым келеді. Мақсатым – жеке өндіріс орнын ашу және тауарды дүкендерге шығару.

Азаматша арманға жету жолында аянбай еңбек етіп жатыр. Нәзікжанды жақында «Coca cola белестері» республикалық жобасына қатысып, 600 қазақстандықтың ішінен 2 мың доллар көлемінде грант иеленді. Бұл ақшаға Ресей елінен заманауи құрылғы алынбақ. Айта кетейік, Ольга өзінің қарым-қабілетін арттыру мақсатында үнемі оқудан өтеді.

ӘСЕЛ САМАРАТОВА, СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Былтыр 400 әйел оқудан өтті. Сонымен қатар, біз сервистік қызметтерді көрсетеміз. Былтыр балық шаруашылығы бойынша 30 адамды оқыттық. “Мен кәсіпкер” атты жобаны жүзеге асырып отырмыз. Осы жоба 2 бағыттан тұрады.

Кәсіпкерлік саласында білім аламын дейтін жандардың құлаққағыс! Биыл мамандар мыңға жуық адамды оқытуды жоспарлап отыр.

 

Гүлден Сембаева