Балалар

2024 жылы кәмелетке толмаған баланың шотына қанша ақша түседі?

Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға” жобасына қатысты тың дерек жария етілді. Ұлттық қордың былтырғы 9 айдағы инвестициялық табысы 1,8 трлн теңгені немесе 4 млрд АҚШ долларын құраған. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, жалпы көрсеткіш 1 маусымға дейін жарияланады. Ведомство алдын ала есептеу жүргізіп, 2024 жылы кәмелетке толмаған баланың шотына түсетін болжамды ақшаны жариялап үлгерді. Болжам бойынша әр балаға 134 мың 300 теңге аударылады. Қоса кетейік, биыл елімізде 305 мыңға тарта ұл-қыз 18 жасқа толады.