МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлерге миллиондар қайтарылды

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдердің мониторингі шеңберінде 161 іскер жанға 54 млн теңгенің қайтарылуын қамтамасыз етті. Бақылау шарасы 2022-2023 жылдарды қамтыған. Осы кезеңде IV санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға эмиссия үшін қате есептеу салдарынан өздігінен бюджетке шамамен 96 млн теңге төлеген. Барлығы 210 жағдай анықталыпты. Департамент өкілдері Салық кодексіндегі өзгерістерді алға тартып, табиғатқа барынша аз жағымсыз әсер ететін нысандардың иелері 2022 жылғы қаңтардан бастап төлемнің осы түрін төлеуден босатылғанын дәлелдеді.

 

Байболат Құлтанов