МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қолдау – таптырмас мүмкіндік

Аққайыңдар өлкесінде «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы жандардың саны күннен-күнге артып келеді. Бағдарлама аясында 8 млн теңге несие алған жанның бірі – Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылының тұрғыны Станислав Волков. Ол ауласында орналасқан автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орнын кеңейтпек ниетте. Осы елді мекеннің тағы бір тұрғыны Амир Баукенов қой ұстайды. Кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы Шопан ата төлінің санын 115-ке ұлғайтып, 250-ден асырыпты. Қарамағында 3 адам еңбек етеді. Ал бескөлдік Мадина Қабаева халыққа кеңінен танымал лазерлік эпиляциямен айналысады. Азаматша рәсімдеген 3 млн теңгеге Германияда жасалған заманауи құрылғы сатып алыпты. «Ауыл аманаты» жобасының операторы – “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ. Ұйым 2023 жылы облысқа бөлінген жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге 236 өтінімді мақұлдапты. Өтініштердің басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысқысы келетін солтүстікқазақстандықтардан түскен.

 

Мәдина Қаби