МТРА жаңалықтары

Бірыңғай жиынтық төлем алынып тасталды

Бірыңғай жиынтық төлем алынып тасталды! Бірыңғай жиынтық төлем жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 2019 жылы уақытша енгізілген болатын. Енді арнайы санаттағы азаматтар мемлекеттік кірістер органдарына жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру қажет. Ережені елемеген тұлғаға 55 380 теңге көлемінде айыппұл салу көзделген. Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруы тиіс.

 

Ақжүніс Мұқатай