Балалар

Ерекше балаларға арналған ертеңгілік

Жеткіншектерге жаңажылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында “ЦентрКөмек” орталығының өкілдері ертеңгілік ұйымдастырды. Олар балаларға арнап қойылым қойды. Жаңажылдық киім киіп, мерекелік маска тағып, балалардың көңілдерін жадыратуға тарысты. Осы жерде өнер көрсетіп жатқан орталық мамандарының ертегідегі рөлі ерекше. Мәселен, логопед-дефектолог Алена Бирюкова Ақшақар болды.

АЛЁНА БИРЮКОВА, логопед-дефектолог:

– Бүгін біз балаларымыздың көңілдерін көтеру үшін барлығын да жасаудамыз. Баршаларыңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын. Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін.

“ЦентрКөмек” орталығы 2015 жылы ашылған. Бүгінде мұнда 15 маман жұмыс істейді. Дәрігерлер дамуында ауытқуы бар балаларға жан-жақты көмек көрсетіп, қолдау танытады. Сондай-ақ, түзету және дамыту орталығында мектепке дейінгі дайындық сыныбы да бар.

ҒАЛИЯ БАЯЗИТОВА, түзету және дамыту орталығының жетекшісі:

– Биыл біз әлеуметтік кәсіпкер атандық. Өз мақсаттарымызды, идеяларымызды жүзеге асыру үшін жұмыс істейміз және биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырудамыз. Ерекше қажеттіліктері бар 10 бала біздің орталықта білікті педагогикалық-психологиялық көмекті тегін ала алады.

“ЦентрКөмек” орталығында қазір 60-қа жуық бала бар. Мамандар барлығының да көңілдерін тапқысы келеді. Осы орайда
күніне 6 ертеңгіліктен өткізуде.

 

Мәдина Қаби