МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жылды қорытындылады

Облыста бармақ басты, көз қыстылық фактілерін болдырмау! Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері бой көрсетті. Ведомство басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов биыл атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша қаржылық бұзушылықтардың жалпы белгіленген сомасы 201 млн теңгені құраса, оның 124 млн-ы мемлекет пен меншік иелеріне қайтарылған. Сонымен қатар, тілшілердің сауалдарына жауап берілді. Сұрақтардың бірі аудандардағы ұстаздардың тиісті қаржысыз облыс орталығына оқуға жіберілуіне қатысты болды. Бұл мәселені департамент бақылауға алыпты. Жақын арада тексеру жұмысын бастамақ. Сөз барысында Айдос Жүнісов агенттіктің негізгі міндетін атап өтті.

АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Агентік қызметінің басым бағыты өздеріңізге мәлім – сыбайлас жемқорлық привенциясы болып табылады. Яғни жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оны тудыратын себептерімен күресу қажет. Бұл жұмыс әлеуметтік маңызға ие мәселелерден тұратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

 

Гүлден Сембаева