МТРА жаңалықтары

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі қаладағы сауда нысандарын аралады

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова петропавлдық сауда нысандарының жұмысымен танысты. Шаһарда барлығы – 12 мың сауда орны мен 500-ге жуық жалға алушы бар. Мәселен, “Тайга” базарында түрлі санаттағы тауар көп.
Мұнда азық-түліктен бастап тұрмысқа қажетті дүниелердің түр-түрі сатылады.

ОЛЕГ МОГИЛЬНЫЙ, “Тайга” ЖШС директоры:

– С вещами проблем нет, потому что пандемию пережили, закрылись, там много свободных мест. Арендаторы есть, кто хочет – расширяется. Кто-то на коне, кто-то разоряется.

Айжан Бижанова қалада екі филиалы бар, тұтынушылары мол «Aimer» супермаркетіне де барды. Мұндағы басшылық асортиментті кеңейтуді көздеп отыр. Сауда орнының сөрелерінде желінің өз өнімдері де, жергілікті кәсіпкерлердің де өнімі бар. Жақында жергілікті көкөніс жеткізушілердің де тауары қойылмақ. Кейін министрдің бірінші орынбасары «Зеленый север» серіктестігіне барды. Қазір жылыжайда өнім жинау науқаны жүріп жатыр.

ЕКАТЕРИНА АСЕЁНОК, «Зеленый север» ЖШС директоры:

– С этого отделения до конца марта мы соберем около 560 тонн».

АЙЖАН БИЖАНОВА, ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі:

– А по сбыту определились?

ЕКАТЕРИНА АСЕЁНОК, «Зеленый север»ЖШС директоры:

– Местный рынок.

Вице-министр теріскейде атқарылған жұмыстардың ауқымын жоғары бағалады. Осы бағытта жұмысты жалғастыра отырып, қарқынды еңбек етіп жатқан қызметкерлердің білімін жетілдіру туралы айтты.

АЙЖАН БИЖАНОВА. ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі:

– Құзыреттілікті арттыру қажет. Осы жөнінде білім басқармасымен келіссөз жүргізу керек. Жоғары біліктілік санаты қажет болып жатса, арнайы мамандарды шақырамыз.

Көтерме-тарату орталығында азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажет тауарлар сақталады. Өндірушілер бұл қоймада орынды жалға ала алады. Орталық өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал тізбегін қысқартуға ықпал етеді. Осы ретте Айжан Бижанова бұл өңір үшін жақсы тәжірибе екенін, соның нәтижесінде тауар бағасы төмендейтіндігін атап өтті.

 

Ақжүніс Мұқатай